11.04.2024 | 20:14
Бөлісу:
Ризабек Айтмұхан – Азия чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері
Ризабек Айтмұхан Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін 97 кг дейінгі салмақтың финалында екі әлем чемпионы күш сынасты. Аса тартысты өткен Ризабек Айтмұхан мен Ахмед Тажудинов арасындағы айқас кейінгісінің жеңісімен аяқталды. Есеп: 4-2.
Айта кетейік, Ризабек былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта күміс медаль алған.
Бүгін Ұлттық құраманың 19 жастағы палуаны күндізгі сессияда қырғыз Андрей Ароновты (6-0), сосын өзбекстандық Махсұд Вейсалов (11-0) пен үндістандық Викиге (13-0) ұпай бермей ұтты.
Бұл – Ризабек пен Ахмед арасындағы екінші белдесу. Бірнеше ай бұрын Антальядағы халықаралық турнирдің жартылай финалында Бахрейн спортшысы басым түскен.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАРИХИ СӘТ! НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
ТАРИХИ СӘТ! РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ