25.07.2024 | 15:48

АЛЕКСАНДР БУБЛИК ПЕН АЛЕКСАНДР ШЕВЧЕНКОНЫҢ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ҚАРСЫЛАСЫ КІМ?

Париж Олимпиадасының теннистен жекелей сынның жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер арасында Ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бублик ойындардағы тұсаукесер матчында америкалық Тейлор Фрицпен сынға түседі. Қазір қазақстандық ATP рейтингінде 25-ші, ал қарсыласы 11-орында тұр. Екеуі осыған дейін 5 мәрте кездескен. Бұл текетіресте Бублик 3-2 есебімен алда тұр.

Ал Александр Шевченко болса 1-айналымда 18 жастағы чех спортшысы Якуб Меншикпен ойнайды. Екеуі былтыр Словакияда кортта кездескенде Якуб басым түскен.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес