29.09.2023 | 15:01
Бөлісу:
Сағындық Тоғамбай Азиаданың жартылай финалына шықты
Сағындық Тоғамбай ХІХ жазғы Азия ойындарының жартылай финалына шығып, бокстан алғашқы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Санаулы сәттер бұрын 92 кг дейінгі салмақта бақ сынайтын Сағындық Иран шаршы алаң шебері Туфан Шарифиді алғашқы раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, ол құрлық ойындарында кемі қола медальге қол жеткізіп үлгерді.
Оның ендігі қарсыласы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Лазизбек Муллажоновты (Өзбекстан) жеңген Қытай боксшысы болмақ. Айта кетейік, Ұлттық құрама спортшысы алғашқы жекпе-жегінде моңғолиялық Бариахаан Доржды мерзімінен бұрын ұтқан.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ