01.10.2023 | 15:00

Сағындық Тоғамбай – Азия ойындарының қола жүлдегері

Ұлттық құрама боксшысы Сағындық Тоғамбай ХІХ жазғы Азия ойындарының жартылай финалында Сюэчжэнь Ханнан ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

92 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында жарыс қожайыны қазақ боксшысын бір рет нокдаунға түсірді. Сағындық Азиаданың қола жүлдесімен шектелді.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 30 медаль бар. Оның үшеуі алтын, 5 күміс, 22 қола.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес