21.11.2024 | 21:29
Бөлісу:
САМИРХОН АБАБАКИРОВ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ ТОП ЖАРДЫ
Бүгін Алматы облысының Шамалған ауылында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші жарыс күні еліміздің үздік даянг шеберлері қалған 5 салмақта жүлдеге таласты. Нәтижесі мынадай:
Ерлер, -63 кг:
1. Самирхон Абабакиров (Шымкент қаласы)
2. Нұрбек Ғазез (Алматы қаласы)
3. Мадияр Керімбай (Алматы қаласы)
3. Айбек Имантаев (Ұлытау облысы)
-87 кг:
1. Нұрлан Мырзабаев (Түркістан облысы)
2. Нұрқанат Қожахмет (Шымкент қаласы)
3. Алмас Мелатов (Атырау облысы)
3. Мейір Нұрғазин (Алматы облысы)
Әйелдер, -53 кг:
1. Азиза Қаражанова (Жамбыл облысы)
2. Айдана Сүндетбай (Алматы облысы)
3. Перизат Мергембаева (Маңғыстау облысы)
3. Арайлым Арапбай (Маңғыстау облысы
-57 кг:
1. Мария Севостьянова (Атырау облысы)
2. Альмира Қанат (Маңғыстау облысы)
3. Нұрай Қазынабек (Қызылорда облысы)
3. Ақнұр Жамаубай (Алматы қаласы)
+73 кг:
1. Меруерт Ткебаева (Ақтөбе облысы)
2. Евгения Каимова (Астана қаласы)
3. Мереке Жүнісова (Алматы облысы)
3. Айгүл Елубай (Атырау облысы)
Енді чемпионат нәтижесіне байланысты келесі жылғы Ұлттық құрама жасақталады. Биылғы жарысқа 19 өңір мен қаладан 300-ге жуық таеквондошы қатысты.
Ал жалпы есепте Алматы қаласының командасы 1-орын алды. Олар 16 салмақтан 3 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.
Екінші орында Шымкент қаласының таеквондошылары - 3 алтын, 1 күміс, 2 қола.
Үздік үштікте Атырау облысы - 2 алтын, 1 күміс, 5 қола.
4-орын: Түркістан облысы (2 алтын, 1 күміс, 1 қола).
5-орын: Жамбыл облысы (2 алтын, 1 қола).
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: