07.08.2024 | 16:28

САМИРХОН АСА ТАРТЫСТЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Париж Олимпиадасында таеквондошымыз Самирхон Абабакиров (58 кг) алғашқы айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Вито Делль'аквилаға (Италия) аса шиеленісті өткен айқаста жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Есеп: 1-2. Енді Вито финалға шықса, Самирхон қола медаль үшін таласа алады.

Самирхон G1 турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Кубогы мен VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес