05.05.2023 | 07:55
Бөлісу:
Санатәлі Төлтаев қарсыласына жол берсе, Қамшыбек Қоңқабаев келесі кезеңге шықты
Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатының 4-күні мәресіне жетті. Бұл күні ел намысын Санатәлі Төлтаев пен Қамшыбек Қоңқабаев қорғады.
Күндізгі сессияда 63,5 келіде сынға түсіп жатқан Санатәлі Төлтаев жұдырықтасты. Отандасымыз 1/16 айналымда Маврикий аралынан келген Ришарно Колимен болған жекпе-жекте қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатын осы жерден аяқтады. Айқас тең дәрежеде өткенімен төрешілер келесі кезең жолдамасын Ришарноға берді.
Осыдан кейін «Хумо-Аренадағы» шаршы алаңға Қамшыбек Қоңқабаев шықты. Ұлттық құрама сапындағы тәжірибелі боксшының бірі әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Аса ауыр салмақтағы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері атанған отандасымыздың қарсыласы жастар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионы ресейлік Алексей Дронов болған. Тартысты кездесуде Қамшыбек өзінің шеберлігін паш етіп, тіпті, қарсыласын нокдунға түсірді.
Ташкенттегі әлем чемпионаты 14 мамырға дейін созылады. Жүлде үшін 104 елден жиналған 600-дан аса былғары қолғап шебері жиналды. Жарыс 13 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр. Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 000 АҚШ долларынан алады. Күміс жүлдегерлерге 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 000 мың АҚШ доллары беріледі. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрайды. Тікелей трансляцияларды Qazaqstan және Qazsport телеарналарының эфирінен көруге болады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ