11.12.2024 | 12:18

САНЖАР ТАШКЕНБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Санжар Ташкенбай 48 кг дейінгі салмақтың аса тартысты өткен финалында өзбекстандық қарсыласы Шодиержон Меликузиевке есе жіберді. Төрешілер есебі: 1-4.

Осылайша, 21 жастағы Санжар Азия чемпионатының 2 дүркін жүлдегері атанды. Ол осыған дейін 2022 жылы Амман қаласында қарсылас шақ келтірмеген.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес