13.05.2023 | 18:39
Бөлісу:
Санжар Ташкенбай Қазақстанға əлем чемпионының 15-алтынын алып келді
Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан XXII әлем чемпионатының жеңімпаздары анықтала бастады. Қазақстан құрамадағы ең жас, əрі ең жеңіл боксшы Санжар Ташкенбайға шаршы алаңда тең келер қарсылас табылған жоқ. Ол чемпион атану жолында грузиялық Сахил Алахвердовиді, оған дейін Өзбекстан, Жапония, Ресей спортшыларын ұтқан.
Қазақстан 1993 жылдан бері егемен ел ретінде осымен 16 әлем чемпионатына былғары қолғап шеберлерін апарды. Санжардың жеңіп алғаны 15-ші алтын медаль.
Осыдан кейін рингке шыққан Дулат Бекбауов бұл бәсекенің күміс жүлдегері атанды. Ол финалға дейін Румыния, Үндістан, Мексика, Грузия спортшысынан басым түскен. Ақтық айқаста жарыс қожайыны Асадхужа Муйдинхужаевпен кездесуде төрешілер өзбекстандықтың қолын көтерді. Осылайша, əлем чемпионатының алғашқы финалдары Қазақстан үшін табысты болды (1 алтын, 1 күміс). Бəсекенің 2-күні бұдан да жемісті болады деп сенеміз.
Ертең, әлем чемпионатының шешуші күні тағы 3 қазақ боксшысы бас жүлде үшін таласады. Махмұд Сабырхан (54 кг) жарыс қожайыны Ойбек Джураевпен, Асланбек Шымбергенов (71 кг) тағы бір өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен, Нұрбек Оралбай Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кім мықтыны анықтайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ