17.06.2023 | 22:03
Бөлісу:
Комбат дзю-дзюцудан Азия чемпионатында қазақстандықтар көш бастап келеді
Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде комбат дзю-дзюцудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 2-жарыс күні close контакт түрінде Қазақстан құрамасы (27 алтын, 24 күміс және 23 қола) жеңіп алса, Түркіменстан 2-ші, Өзбекстан жүлде жағынан 3-орыннан көрінді.
Кеше фулл-контакт санатында Қазақстан командалық есепте бірінші орынды (19 алтын, 17 күміс және 11 қола), Қырғызстан екінші орынды, Түркіменстан үшінші орынды иеленген.
Ертең, шешуші күні Ground-fight, Self defence түрінде жүлде сарапқа салынады. Азия чемпионатына барлығы 16 елден 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жекпе-жектің бірінші күні фул-контакт түрінен мықтылар анықталды. Жарыс 18 маусымда мәресіне жетеді.
Осы спортты және салауатты өмір салтын насихаттап, халықаралық байланысты нығайтуды көздейтін чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Спортты дамыту дирекциясы, Қазақстан жекпе-жек джиу-джитсу және комбат дзю-джитсу қауымдастығы, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ демеушілер ұйымдастырды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: