25.11.2023 | 22:12
Бөлісу:
Ұлттық құрама Әлем Кубогын 3 жүлдемен бастады
Бүгін Италияның Базельга-ди-Пине коммунасында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем Кубогының алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғашқы жарыс күні нео-сеньор дивизионында мың метрге жарыста Инесса Шумекова қола жүлдеге ие болды. Ол қашықтықты 1:21.08 секундта жүгіріп өтіп, тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Арина Ильященкодан озып кетті. Мұнда Серена Пергер (Италия) алтыннан алқа тақса, Фрэн Ванхутт (Бельгия) күміс медаль жеңіп алды.
Ал жастар арасындағы командалық сында еліміздің əйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Əпкелі-сіңлілі Кристина жəне Алина Шумекова, Мария Деген үштігі тек Нидерланд спортшыларына жол берді.
Сосын, нео-сеньор дивизионында Қазақстан əйелдер құрамасы 2-сатыдан көрінді. Мұнда жарыс жолына Маргарита Артемьева, Арина Ильященко мен Алена Лифатова шықты.
Ертең конькимен жүгірушілер қалған қашықтықта (500 м, 1500 м мен масс-стартта) жүлдеге таласады.
Жалпы алғашқы кезеңге 26 мемлекеттен 165 спортшы жиналды. Ең көп делегация Польша (15 спортшы) мен Оңтүстік Кореяда (14 спортшы).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: