26.01.2024 | 23:12
Бөлісу:
Жанкүйерлер хоккейшілерді күтіп алды
Бүгін Астана қаласындағы халықаралық әуежайда жанкүйерлер 3×3 хоккейден алғаш рет қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізген спортшыларымызды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
«Жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет бақ сынап, барлық қарсыластарымызбен соңына дейін айқастық. Алғашқы Польшамен өткен кездесуде ірі жеңіске жеткенімен, Аустриямен теңдей ойында 8:9 есебімен жеңілдік. Бірінші жеңіліс командамызға эмоциялық тұрғыда әсер етті. Дегенмен, қола жүлдеге үшін ойында қайта жолығып, есемізді қайтара алдық. Қандай қорытынды шығаруға болады? Салыстырмалы түрде біз Латвиядан кейін ең көп 104 шайба соққан команда атандық. Әйтсе де, көптеген мүмкіндіктерді қолдана алмадық. Кемшілігіміз — қорғанысымыздың тұрақсыздығы. Себебі, 9 ойында қақпамызға 83 шайба өткізіп алдық. Тіпті чемпион атанған Латвияны бірінші кезеңде ұтқанымызбен, кейін бірнеше шайба жібердік. Жалпы, Олимпиадада Қазақстан ұлттық құрамасының тізіміне еніп, ел намысын қорғағанымды мақтан тұтамын!», — деп, хоккейші Жаһангер Тілеухан өз пікірін білдірді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықКанвон-2024 Қазақстан үшін табысты қысқы Олимпиадаға айналды
Канвон-2024 – Қазақстан алтын алған алғашқы қысқы Олимпиада!
Олимпиаданың соңғы күні Қазақстан эстафетада сынға түсті