10.05.2023 | 18:00
Бөлісу:
Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатының 4-күнін жүлдесіз аяқтады
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының 4-жарыс күнінде Қазақстанның атынан екі спортшы сынға түсті. Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова бақ сынап, алғашқы белдесуде бейтарап тудың астында өнер көрсететін Ресей спортшысы Камила Бадуроваға есе жіберді.
Абылайхан Жұбаназар (81 кг) болса екі кездесу өткізді. Бірінші айналымда ол Португалия өкілі Жоао Фернандоны таза ұтты. Бірақ, екінші белдесуде өзі «иппонға» түсіп қалып, бразилиялық Эдуардо Юди Сантостан жеңілді.
«Бүгін португалиялық қарсыласымнан есемді қайтардым, алдында одан жеңілген едім. Ал екінші кездесуге келер болсақ, басымдық менің жағымда болды. Қарсыластың екі «шидосы» барын көріп, екі рет шабуыл жасадым. Үшінші ескерту алсын деген мақсатпен тағы алға ұмтылдым. Бірақ қателік жіберіп қойдым. Тым асығып кеттім. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын», - деді Абылайхан Жұбаназар Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметіне берген сұхбатында.
Ертең, 11 мамырда еліміздің намысын Анастасия Маякова (70 кг) мен Дидар Хамза (81 кг) қорғайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ