14.06.2024 | 17:22

ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ҚАЛДЫ

Бүгін Антальяда (Түркия) басталған садақ атудан Париж Олимпиадасына шешуші әлемдік жарыстың командалық сайысында еліміздің әйелдер құрамасы Польшамен шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Плей-офтағы кездесу 4-5 есебімен қарсыласқа есе жіберіп, жолдамаға таластан тыс қалды. Енді аруларымыз 16 маусымда жекелей сайыста Олимпиада жолдамасына таласады.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес