19.07.2022 | invalid

Семсерлесу: Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы атап айтарлық көрсеткіші

Семсерлесуден Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында Руслан Курбанов пен Эльмир Әлімжанов ширек финалға шықты. Бірақ жартылай финалға жетер жолда Руслан Курбанов Токио олимпиадасының чемпионы, француз Ромен Каннонға, Эльмир Әлімжанов бельгиялық Нейссер Лойолаға есе жіберді.

Жүлдеге қол жеткізе алмаса да Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетті. Осыған дейін әлем чемпионаттарында қос қазақстандық мұндай кезеңге жетпеген еді. 

Айта кетейік, «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес