02.10.2023 | 09:43
Бөлісу:
Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Азиада чемпионы атанды
Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Олар 500 метрге каноэде ескек есуде жұптық сында мәреге бірінші келді. Уақыт көрсеткіші 1:49.010 секунд. Ұлттық құрама спортшылары Жапония мен Иран ескекшілерінің алдын орап кетті.
Тәжірибелі Сергей Емельянов үшін бұл Азиаданың 3-жүлдесі. Ол 2014 жылы Инчхон мен 2018 жылы Джакатада мың метрге жекелей жарыста күміс медаль жеңіп алған.
Қазір Қазақстан делегациясының еншісінде 36 медаль бар. Оның төртеуі алтын, жетеуі күміс қалғаны қола.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАРИЯ БРОВКОВА ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
МАРИЯ БРОВКОВА ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
МАРИЯ БРОВКОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ