14.08.2024 | 21:20

ШАҢҒЫМЕН СЫРҒАНАУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Щучинск қаласында шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының II кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күні супер-спринттер өтті. Бәсекеге Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Норвегия, Таиланд және Швециядан 150-ге жуық спортшы жиналған.

Соңғы жарыстардың қорытындысы бойынша ерлер тобында үштікті Эмануэль Беккис (Италия), Валерио Майкл Италия), Раймо Вигантс (Латвия) құрады. Әйелдерде-Жаклин Локнер (Швеция), Линн Семскар (Швеция) және Альба Мортагна (Италия).

 Жасөспірімдер тобында Дэвид Пичинини (Италия) құрмет тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Григорий Дачкин (Қазақстан) - күміс жүлдегер. Үшіншісі - Стефано Эпис (Италия). Жасөспірімдер арасында Анна Мария Гидди (Италия) жеңіске жетті. Жүлдегерлер – Джоанна Холмберг (Швеция) және Мария Инвернизи (Италия).

Ертең, 15 тамызда, спортшылар аралас командалық спринтте өнер көрсетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес