
13.09.2024 | 21:12
Бөлісу:
ШЕРЗОД ДАВЛАТОВ – ЗАГРЕБ ГРАН-ПРИІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Отандасымыз Шерзод Давлатов Хорватия астанасы Загребте басталған Гран-при кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама дзюдошысы (60 кг) финалда әзірбайжандық қарсыласы Ахмад Юсифовты жықты. Бұл оның Гран-при турнирлеріндегі алғашқы медалі екенін айта кетейік.
Күндізгі сессиядағы іріктеуде Шерзод Израиль, Мажарстан және Украина палуанын ұтқан. Ал жартылай финалда француз Энцо Джинді жеңді.
Еске сала кетейік, Давлатов 2021 жылы қазанда жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынап, қола жүлдеге ие болған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АУСТРИЯДАҒЫ ГРАН-ПРИГЕ ҚАТЫСАТЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

EUROPEAN OPEN: ШЕРЗОД ДАВЛАТОВ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

ЕРАСЫЛ ҚАЖЫБАЕВ – БАКУДЕГІ ҮЛКЕН ДУЛЫҒА БӘСЕКЕСІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ