22.03.2023 | 15:11

Сингапурда су добынан халықаралық турнир басталды

Бүгін Сингапурда су добынан Əлем Кубогына іріктеуге арналған халықаралық турнир басталды.

Алғашқы турда еліміздің əйелдер құрамасы жарыс қожайыны Сингапурды 12-7 есебімен жеңді. Ал санаулы сəттер бұрын Дамир Темірханов баптайтын Қазақстан ерлер құрамасы Филиппин ватерполшыларынан басым түсті. Есеп: 19-6.

Ертең əйелдер құрамасы Өзбекстан жəне Таиландпен ойнайды. Ерлер ертең Иран жəне Гонконг спортшыларымен шеберлік байқасып, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Азия құрлығынан осы бəсекеде 4-орын алған құрамаға дейін мамыр айында Берлинде өтетін Əлем Кубогына барады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес