
26.02.2025 | 21:33
Бөлісу:
СМИРНОВҚА БАҒЫНБАҒАН ГРАНОСЕН ТРАССАСЫ: НОРВЕГИЯДА ШАҢҒЫДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Араға 28 жыл салып, шаңғы жарысынан кезекті әлем чемпионатын Норвегияның Тронхейм қаласы қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Атақты Гранесен трассасында 1997 жылғы әлем чемпионатында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов бақ сынап, 10 шақырымға классикалық әдіспен жарыста 4-орын алған.
Бүгін спринт бәсекесінен (1,4 шақырым) ерлер мен әйелдер алғашқы жүлдені сарапқа салды. Бәсекені тамашалауға 20 мың жанкүйер жиналып, ине шаншар орын болмады.
Ерлер. 63 ел. 183 спортшы
62-орын Святослав Матасов - 2:52.30
73-орын Константин Борцов - 2:54.98
81. Ернар Нұрысбеков - 2:56.86
88. Олжас Климин - 2:59.03
Әйелдер. 47 ел. 121 қатысушы
45. Дарья Рожко - 3:17.87
48. Надежда Степашкина - 3:18.63
58. Ангелина Шурыга - 3:23.31
66. Ксения Шалыгина - 3:30.07
«Әлем чемпионатында тек медаль ғана сарапқа салынбайды. Сондай-ақ, 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға ұпай жинауға мүмкіндік береді. Бүгінгі жарыс күнінде аруларымыз өздерінің шама-шарқын көрсетсе, ерлердің нәтижесі сәл төмендеу болды. Жарыс одан әрі жалғасады», - деді бапкер Виктор Завялов.
Шаңғыдан кезекті бәсеке 1 наурызда жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

