04.10.2024 | 21:49
Бөлісу:
СОФЬЯ САМОДЕЛКИНА ДЕНИС ТЕН МЕМОРИАЛЫНДА 2-ОРЫН АЛДЫ
Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memoral Challenge турнирінде әйелдер мен жасөспірім қыздар арасында жеңімпаз бен жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Софья Самоделкина еркін бағдарламада 125.83 ұпай алды. Кешегі қысқа бағдарламаны қосқанда ол барлығы 189.67 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Мұнда Анастасия Губанова (Грузия) 195.91 балл жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Үздік үштікті Италия спортшысы Лара Наки Гутман 188.86 ұпаймен түйіндеді.
Жасөспірімдер арасында Васелиса Багомолова (Кипр) топ жарды. Одан кейінгі сатыға қазақстандық Вероника Ким (2-орын) мен Анна Санникова (3-орын) жайғасты.
Ертең ерлер еркін бағдарламада сынға түсіп, үздіктерді анықтайды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықISU GRAND PRIX: МИХАИЛ ШАЙДОРОВ 4-ОРЫННАН КӨРІНДІ
NEPELA MEMORAL: ДИАС ЖИРЕНБАЕВ 10-ОРЫН АЛДЫ