08.04.2024 | 06:55

Spanish Open: қазақстандық 3 таеквондошы медаль жеңіп алды

Бүгін Испанияның Ла-Нусия қаласында таеквондодан G1 санатындағы Spanish Open турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ересектер арасында Қазақстан Ұлттық құрамасының 3 өкілі жүлдеге қол жеткізді.

Әзірет Дүйсенбек 54 кг дейінгі салмақта чемпион атанса, Абдурахмон Марипов (74 кг) финалда қарсыласына есе жіберді. Жавовирхон Исламов (58 кг) 3-орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұл бәсекеге ересектер арасында елімізден барлығы 25 таеквондошы қатысты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес