
01.08.2024 | 16:34
Бөлісу:
АРИНА АЛТУХОВА МЕН АЛЕКСАНДРА ЛЕНІҢ ІРІКТЕУДЕГІ НӘТИЖЕСІ БЕЛГІЛІ
Париж Олимпиадасында әйелдер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуден іріктеу кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз Александра Ле 587 ұпай жинап, 10-орынға жайғасты. Ал Ұлттық құраманың тағы бір мергені Арина Алтухова 586 ұпаймен 13-сатыдан көрінді.
Енді ертең жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы жүлделерді сарапқа салады. Тікелей эфир сағат 13:00-де басталады.
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық



12.02.2025 | 11:41
#НЫСАНАКӨЗДЕУ
#АЗИЯКУБОГЫ
НЫСАНА КӨЗДЕУ: АЗИЯ КУБОГЫНДА АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ ҚОРЖЫНҒА ТҮСТІ