14.11.2022 | invalid

Су добынан Қазақстан құрамасының еншісінде 2 медаль бар

Бүгін Таиландтың Самутпракан қаласында су добынан Азия чемпионатынының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды.

Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль үшін болған матчта Иранды 8-5 есебімен жеңді. Сәл ертеректе Дамир Темірханов баптайтын су добы шеберлері жартылай финалда Жапонияға есе жіберді (4-20).

Ал Андрей Сазыкин баптайтын еліміздің әйелдер құрамасы Таиландтан 14-5 есебімен басым түсіп, қола жүлдегер атанды. Біздің қыздар жартылай финалда Жапониядан жеңіліп қалған. Есеп: 12-16. Ұлттық құрама ойыншысы Дарья Муравьева биылғы сары құрлық додасының үздік сұрмергені атанды.

Осылайша, Қазақстан әйелдер және ерлер құрамасы келесі жылы Жапонияның Фукуока қаласында өтетін су спорты түрлерінен ХХ Әлем чемпионатына жолдама алды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес