13.03.2023 | 19:11
Бөлісу:
Таеквондошылар Бельгиядағы халықаралық турнирді бетке алды
Таеквондодан Қазақстан құрамасы 17-19 наурыз аралығында Бельгияның Ломмел қаласына өтетін Belgian Open G2 халықаралық турниріне қатысады. Бас бапкер Батырбек Еставлетов бұл бәсекеге 21 спортшыны алып бара жатыр.
Ерлер – Әділет Базарбаев, Нұрбек Газез, Жавохирхон Исламов, Мақсат Орынбасар, Елдос Ысқақ, Абдурахмон Марипов, Бекжан Нүснәлім, Рахым Әділханов, Руслан Жапаров, Самирхон Абабакиров, Эльдар Бірімбай, Смайыл Дүйсебай, Әлібек Ермекбай.
Әйелдер – Рита Бакишева, Ботакөз Қапанова, Азиза Караджанова, Камила Аймұқашева, Мария Севостьянова, Нұрай Хусайнова, Айдана Құмартаева, Назым Махмутова.
Айта кетейік, Ұлттық құрамаға жуырда жаңа спорт формасы табысталды. Осы жарыстан кейін 20 наурыздан бастап ерлер құрамасы париж қаласында Франция құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал әйелдер құрамасының 8 өкілі 20-27 наурыз аралығында Нюрнберг қаласына Германия құрамасымен бірге шеберлігін шыңдайды.
Бұл жиыннан кейін Қазақстан құрамасы 1-4 сәуір аралығында Аустрияның Инсбург қаласы қабылдайтын халықаралық турнирде бақ сынайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБАТЫРХАН ТӨЛЕУҒАЛИ ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСА АЛМАЙДЫ
БАТЫРХАН ТӨЛЕУҒАЛИ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСЫН ҰТТЫ