22.06.2023 | 09:21
Бөлісу:
Талдықорғанда жергілікті атқарушы органдар арасындағы республикалық Спартакиаданың жалауы көтерілді
«Жастар» саябағында өткен Спартакиаданың ресми ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Барлық мемлекеттік қызметкерді келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтай келе, мұндай жарыстардың маңызы зор екенін атап өткім келеді. Мемлекеттік қызметкер жан-жақты, әрі көпшілікке үлгі болу керек. Ал спорттық сайыстар арқылы мінез ұшталып, денсаулық нығайып, ұжымдық рух қалыптасады. Спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тілеймін, лайықтылар жеңіске жетсін», - деді төраға орынбасары өз сөзінде.
Биылғы Спартакиадаға еліміздің барлық өңірлерінің мемлекеттік қызметкерлері қатысып жатыр. Олар спорттың 7 түрінен: шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ пен бильярдтан шеберлік байқасып, өзара мықтыларды анықтайды. Жарыстар «Жастар» спорт кешенінде, орталық бассейінде және жастарға қызмет көрсету орталығында өтеді. Спартакиада 25 маусымға дейін жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ