24.10.2024 | 19:48
Бөлісу:
ТАРАЗДА ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ КУБОГЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Бүгін Тараз қаласындағы Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ҚР Туризм және спорт министрлігі Кубогының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталмыш шараға ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясының директорының орынбасары Азамат Хамзин, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов, Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК директоры, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов қатысты.
«Құрметті қатысушылар, баршаңызды доданың ашылуымен құттықтап, сәттілік тілеймін. Дәл осы жерден басталған жеңісті жол келешекте әлемдік ареналарда жалғассын. Бұл әр спортшының дамуына, тәжірибе жинап, өсуіне мол мүмкіндік сыйлайды», - деді өз сөзінде Азамат Хамзин.
Спорт мектеп-интернат-колледж оқу орындарының 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі кешенді жарысқа барлығы 18 команда қатысып жатыр.
Айта кетейік, санаулы сәттерден кейін ақтық сайыстар басталады. Финалда Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК құрамасы мен Алматы қ. Шаңырақ ш.а ОРРММИК спортшылары кездесіп, бас жүлдені сарапқа салады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: