21.10.2024 | 18:44

ТАРАЗДА ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

Жамбыл облысы Тараз қаласындағы Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында мектеп-интернат-колледждер арасындағы ҚР Туризм және спорт министрлігі Кубогының жеребесі тартылып, іріктеу бәсекелері басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биыл оқу орындары дзюдо, бокс, таеквондо, грек-рим және еркін күрестен сынға түседі.

А тобы

Ж.Үшкемпіров ат. ОРОММИК (Талдықорған қаласы)

СДБММИ (Павлодар обл)

Бөгенбай батыр ат. ОМОРМК (Ақмола обл)

 К. Ахметов ат. ОРРММИК

В тобы

Ә. Молдағұлова ат. ОРОММИК (Қарағанды обл)

ОРММИК (Жамбыл обл)

СДБОММИ Алакөл ауд, Лепсі ауылы)

ОРММИК (СҚО)

С тобы

СДБАММИК (Алматы қ.)

Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК

РСК

ОРММИК (БҚО)

Жалаңтөс Бахадүр ат. ОРОММИК (Қызылорда обл)

D тобы

ОРММИК (ШҚО)

Есет батыр ат. ОРОММИК (Ақтөбе обл)

Шаңырақ ш.а. ОРРММИК (Алматы қ.)

ОРММИК (Атырау обл)

Б. Саттарханов ат. ОРММИК (Түркістан обл)

Айта кетейік, әр топтағы командалар айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен кездеседі.

Бүгін былғары қолғап шеберлері арасындағы іріктеу бәсекелері өтуде. Ал қалған спорт түрінен сайыстар алдағы күндерге жоспарланған.

«Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін аталмыш кешенді жарыстың деңгейі жоғары. 24 қазанға дейін жалғасатын додаға еліміздің әр өңірінен 18 команда қатысуда. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Жеңіске жету үшін барлық ерік-жігерлеріңізді салатындарыңызды білемін. Бәсекелестікке төтеп бере алған ең мықты спортшылар ғана жеңіс тұғырынан көрінеді», - деді бокстан бас төреші Дархан Әшіров.

Жарыстың бас хатшысы – ТСМ Спортты дамыту дирекциясы бұқаралық жарыстарды өткізу бөлімінің маманы Асқар Қадыров.

«Тараз-Арена» спорт сарайының мекенжайы: Тәуке хан көшесі, 22.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес