22.10.2024 | 22:28
Бөлісу:
ТАРАЗДА ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ КУБОГЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Тараз қаласында спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж оқу орындарының 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін қатысушылар дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес бойынша іріктеу бәсекелерінде сынға түсуде.
Дәстүрлі кешенді жарыстың мақсаты – спорт мектеп-интернат-колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыру, талантты балалардың көзге түсуіне жағдай жасау.
Айта кетейік, жартылай финал мен ақтық сайыстар 23-24 қазан аралығында Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: