26.01.2023 | 16:30

Тарихи көрсеткіш! Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына жолдама алды

Теннистен Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина жартылай финалда Виктория Азаренконы жеңіп, Мельбурнде өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты.

Матчтың есебі: 7-6(4), 6:3. Род Лейвер Аренада өткен кездесу 1 сағат, 42 минутқа созылды.

Алғашқы сет тай-брейкке дейін жетіп, онда қазақстандық ойыншы басым түсті. Ал 2-сетте отандасымыз еш қиындықсыз тәжірибелі қарсыластың осал тұсын тапты. Елена матчта 9 эйс жасаса, Викторияның еншісінде үшеу. Бұл Рыбакина мен Азаренко арасындағы 2-кездесу. Бүгін қазақстандық екінші рет басым түсті.

Елена – Үлкен Дулыға санатындағы екі бәсекенің (Уимблдон мен Аустралия ашық чемпионаты) финалына шыққан тұңғыш қазақстандық теннисші. Мельбурнде отандасымыз әлемнің 1-ракеткасы, осы турнирдің қазіргі чемпионы польяк Ига Швентекті ұтып, сенсация жасағанын теннис сарапшылары әлі талқылап жатыр.

Енді 2022 жылғы Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы Арина Соболенко (Беларусь) немесе Магда Линетт (Польша) болады. Екі теннисші арасындағы ойын енді басталады. Айта кетейік, 33 жастағы Беларусь спортшысы Australian Open-нің 2 дүркін жеңімпазы, 2012 жылғы Олимпиаданың чемпионы және қола жүлдегері.

Статистика: 

 

Рыбакина

Азаренко

Эйстер

 9

 3

Қосарлы қателік

 3

 6

Брейк

 5

 3

Виннерлер

 30

 26

Қателіктер

 21

 27

Жеңіп алған ұпайлар саны

 78

 62

 

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес