02.10.2023 | 08:39

Тимофей Емельянов Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Тимофей Емельянов жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол каноэде 1000 метрге еске есуде қола медальге ие болды. Ұлттық құрама спортшысының алдын Куан-Чиех Лал (Тайпей) мен Владлен Денисов (Өзбекстан) орап кетті.

Тимофей Емельянов үшін бұл Азиаданың 3-жүлдесі. Ол 2014 жылы Инчхонда жұптық сында алтын алса, 2018 жылы Джакатада жұптық сында күміске қол жеткізген. Сондай-ақ ол 2017 жылы (жұптық сында) Азия чемпионы атанған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес