12.08.2023 | 20:04

ТМД елдерінің II ойындарында қазіргі бессайыс бәсекесінен үздіктер анықталды

Бүгін Беларусь Республикасында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарында қазіргі бессайыстан барлық жарыс аяқталып, Қазақстан құрамасы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ел астанасы Минсктегі сайыстарда әуелі Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль иеленді. Олар семсерлесу, жүзу, жүгіру және нысана көздеуді қосқанда 3405 ұпай жинап, Ресей мен Беларусь құрамасына есе жіберді. Ел намысын Данил Богданов, Лев Чувашев, Никита Живитса қорғады.

Ал еліміздің ійелдер құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, жарыс қожайыны Беларустьтан кейінгі 2-орынға тұрақтады. Мұнда үздік үштікті Мысыр құрамасы түйіндеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес