12.08.2023 | 14:11

ТМД елдерінің II ойындарында жүзгіштер алғашқы алтын жүлдесіне қол жеткізді

Бүгін Беларусь Республикасында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Брест қаласында жүзуден жарыстың 2-күні қазақстандық атлеттер барлығы бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасында 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Максим Сказобцов қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол Кирилл Холкин (Беларусь) мен Максим Прониннен (Ресей) айтарлықтай озып кетті.

Ал 200 метрге аралас әдістермен жүзуде Виктория Блинова (Ресей) чемпион атанса, Дария Токтобаева (Қазақстан) күміс, Анастасия Ермакова (Қазақстан) қола жүлдеге қол жеткізді.

Аралас эстафетада (4х100 м) еліміздің ерлер құрамасы 2-ші, аруларымыз 3-ші орыннан көрінді. Мұнда Ресей құрамасы қарсыластарға еш мүмкіндік қалдырмады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес