16.09.2023 | 16:52
Бөлісу:
Тоғызқұмалақ пен дойбыдан республикалық фестивальдің үздіктері анықталды
Бүгін Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақ пен 64 жəне 100 шаршылы дойбыдан республикалық фестиваль өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына орай ұйыстастырған сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен əртүрлі жастағы 100-ден астам əуесқой спортшысы келді.
«Аталмыш жарыстың мақсаты – интеллектуалды ойындарды насихаттау. Бұл спорт түрі ақыл-ойды дамытады. Осындай бәсекелер спортшылардың шыңдалуына жол ашады. Және үлкен тәжірибе болады», - дейді дойбыдан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев.
Жарыс барысында астаналық Аян Қуаныш тоғызқұмалақтан бұған дейін де республикалық жарыстарға қатысып үлгергенін атап өтті.
«Мен тоғызқұмалақты бұрыннан ойнап жүрмін. Жарыстарға тұрақты қатысып тұрамын. Болашақта тоғызқұмалақты тастамай, өз өміріммен байланыстыру ойда бар. Еліміздің намысын қорғағым келеді», – деді Аян Қуаныш.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Тоғызқұмалақ, ерлер:
1. Бибатыр Нұржан (Ақмола обл)
2. Ернұр Тиынтай (Астана қ.)
3. Мұхамеджан Ілияс (Ақмола)
3. Нұрсәлім Ибраим (Астана қ.)
Әйелдер:
1. Ханшайым Абиева (Ақмола)
2. Жанель Құрманғалиева (Ақмола)
3. Айдана Мұрат (Ақмола)
3. Жанель Шамшиева (Астана)
64 шаршылы дойбы:
Ерлер
1. Тоқжан Тәжібекова (БҚО)
2. Әділхан Мирам (БҚО)
3. Қалкеш Әбішев (Астана)
Әйелдер:
1. Алтынай Джумагальдиева (БҚО)
2. Елизавета Бапиева (БҚО)
3. Айзере Іздәш (Астана)
100 шаршылы дойбы
Ерлер
1. Айбек Наралиев (Астана)
2. Ғалымжан Сарсекеев (Астана)
3. Ақылбек Наралиев (Астана)
Әйелдер
1. Анель Давлетова (БҚО)
2. Жанат Құдайберген (БҚО)
3. Амина Сайлау (Астана)
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДойбының блиц түрінен жеңімпаздар белгілі болды
Дойбыдан ел чемпиондары анықталды