02.11.2024 | 23:08
Бөлісу:
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Бокстан Будва (Черногория) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Атап айтсақ, 67 кг салмақта Төрехан Сабырхан финалдағы жекпе-жекте Куба боксшысы Дэвид Эспиносаны 4:1 есебімен жеңді. Екі боксшы биыл наурыз өткен жастар арасындағы Әлем кубогында да кездесіп, жерлесіміз басым түскен.
ТӨРЕХАННЫҢ 2024 ЖЫЛЫ ҚАТЫСҚАН ЖАРЫСТАРЫ:
Алтын – жастар арасында Әлем чемпионаты
Алтын – «Еуразия кубогы» халықаралық турнирі
Алтын – Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесі үшін халықаралық турнир
Алтын – жастар арасында Азия чемпионаты
Алтын – жастар арасында Әлем кубогы
Осылайша, Париж Олимпиадасына баруға үмітті болған Төрехан Сабырхан жастар санатында әдемі нүкте қойды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ