04.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Триатлон: Екатерина Шабалина Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
4 маусым күні Оңтүстік Кореяның Седжон қаласында триатлонның спринт қашықтығы бойынша Азия чемпионаты өтті. Сары құрлық бәсекесіне 13 елден 95 кәсіби спортшысы келді. Қазақстан намысын әйелдер арасында Екатерина Шабалина қорғаса, ерлерден Дарын Қонысбаев, Аян Бейсенбаев, Мейірлан Ысқақов пен Темірлан Теміров қатысты.
Біздің анықтама: Триатлондағы спринт қашықтығы 750 метр суда жүзу, 20 км веложарыстан, 5 км жүгіруден тұрады.
Әйелдер арасындағы сында жапон Юка Сато (00:59:20) топ жарса, Екатерина Шабалина (00:59:20) мәре сызығын екінші болып қиды. Үздік үштікті тағы бір жапон атлеті Сарика Накаяма (00:59:46) түйіндеді. Ал ерлер бәсекесінде барлық жүлдені Жапония спортшылары жеңіп алды: Джента Учида (00:52:44), Аоба Яасумацу (00:52:51) мен Макото Одакура (00:53:05).
Айта кетейік, триатлоннан Әлем чемпионатының келесі кезеңі Лидс қаласында (Ұлыбритания) 12 маусым да өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: