07.03.2024 | 23:54
Бөлісу:
Түркиядағы турнирде Эльмира Сыздықова күміс, Эмма Тисина қола медаль алды
Бүгін Түркияның Анталья қаласында дәстүрлі белгілі палуандар - Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғашқы жарыс күні әйелдер 50, 57, 65, 76 кг салмақта кім мықтыны анықтады. Ұлттық құрама сапындағы Эльмира Сыздықова (76 кг) күміс жүлдегер атанса, Эмма Тисина (57 кг) қола жүлдеге ие болды.
Ертең 2-күні әйелдер қалған 53, 59, 62, 68, 72 кг салмақта күш сынасады.
Айта кетейік, биыл тарихы терең турнирге 25 мемлекеттен 600-ден астам палуан жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ