17.01.2023 | invalid

Хоккейден Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

Кларксон университеті. «Чил Арена»

Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы Словакияны сенімді жеңіп (4-0), Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиаданың плей-офф кезеңіне жолдама алды. Гол авторлары: Максим Мухаметов (8-минут), Станислав Александров (10-минут), Батырлан Мұратов (20-минут) пен Олег Бойко (29-минут). Айта кетейік, 2019 жылғы Красноярск қаласында өткен Универсиадада біздің хоккейшілер жартылай финалда Словакияға 0-4 есебімен есе жіберген еді.

Ғалым Мәмбетәлиев баптайтын біздің құрама бұл бәсекеде әлі ешкімге есе жіберген жоқ. Осыған дейін В тобында Ұлыбритания (15-1), Оңтүстік Корея (5-1) мен Мажарстанды (9-1) ұтты. Ертең, 18 қаңтарда жарыс қожайыны АҚШ құрамасымен болатын ойын В тобындағы ахуалға еш әсер етпейді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес