10.04.2023 | 21:11
Бөлісу:
Алматыда семсерлесуден ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасы жалауын көтерді
Бүгін Алматы қаласындағы Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде семсерлесуден ҚР VI жазғы Спартакиадасы басталды. Жарысқа 11 өңірдің спортшылары қатысып жатыр. Бірінші күні «рапира» бәсекесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Ерлер арасында 30 үміткер, ал әйелдер сайысында 29 спортшы бақ сынады.
Ерлер:
1 орын – Тамирлан Қалиев (Абай облысы)
2 орын – Ниязбек Сафинов (Абай облысы)
3 орын – Никита Пономарев (ШҚО)
3 орын – Ғалым Нұрымов (Алматы)
Әйелдер:
1 орын – София Ақтаева (Алматы)
2 орын – Күлжан Түсіпбекова (Абай облысы)
3 орын – Алина Искандерова (ШҚО)
3 орын – Аяулы Өтеуленова (Абай облысы)
Ертең «рапирадан» командалық сайыстар өтеді. Одан кейін қылыш пен семсер бәсекесінің үздіктері анықталады. Спартакиада 15 сәуірде аяқталады. Жарысқа қатысып жатқандардың арасында ұлттық құраманың Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Артем Саркисян сияқты үздіктері бар. Спартакиада қорытындысы бойынша олимпиадалық іріктеу турнирлері мен жазғы Азия ойындары сияқты халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері белгілі болады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: