29.09.2023 | 17:55

Велотрекшілер Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Санаулы сәттер бұрын велотректен Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мэдисон бағдарламасының финалында өнер көрсеткен Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов жұбы 37 ұпай жинап, тек Жапония мен Оңтүстік Корея велошабандоздарынан қалып кетті. Оларда 54 ұпайдан.

Бұл бағдарламада спортшылар 200 айналым жасады (50 шақырым).

Бұл Қазақстан делегациясы жеңіп алған 25-медаль. Оның үшеуі алтын, төртеуі қола, 18-і қола. Ұлттық құрама қазір жалпы есепте 11-сатыда келе жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес