18.11.2023 | 22:36
Бөлісу:
VI жазғы Спартакиада: 6 әлем чемпионы финалда жұдырықтасады
Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада жартылай финал айқастары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін 13 салмақ бойынша 26 жекпе-жек өтіп, 26 финалист белгілі болды. Финалға өткен облыстар:
Астана қаласы — 5
Түркістан облысы — 4
Ақмола облысы — 3
Павлодар облысы — 2
Жамбыл облысы — 3
Атырау облысы — 2
Қызылорда облысы — 1
Алматы облысы — 1
Шымкент қаласы — 1
Абай облысы — 1
БҚО — 1
Манғыстау облысы — 1
Алматы қаласы — 1
Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын бәсекенің 2019 жылғы жеңімпаздарынан биыл қайта 5-уі финалға жолдама алды. Олар: Асхат Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Шайкен (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі).
Ең тартысты жекпе-жек 60 келі салмақта әлем чемпионатының қатысушысы Талғат Сырымбетов пен Бейбарыс Жексеннің арасында өтті. Өте шиеленісті жекпе-жекте жеңімпазды анықтау оңай болмады. Нәтижесінде қосымша төрешілердің араласуымен 4:3 есебімен Бейбарыс финалға өтті.
63,5 келіде көпшілікті таңғалдырып, Санатәлі Төлтаевтан басым түскен Алматы спортшысы Жандос Қыдыралиев тағы да шеберлігін көрсетті. Ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановтан еш сескенбей, терезесі теңдей айқас өткізді. Ұзақ кеңесуден соң, төрешілер 4:2 есебімен Серік Теміржановқа берді.
Осы турнирде жарқын бокс үлгісін көрсетіп жатқан 86 келідегі Темірлан Мұқатаев та финалға қиналмай шықты. Жастар арасында 2 мәрте Азия чемпионы атанған 19 жастағы спортшы енді тәжірибелі Абзал Құттыбековпен жолығады. Ертең финалдық жекпе-жектер 12:00-де басталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ