08.04.2025 | 16:48

VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ: ДЗЮДОШЫЛАР ҚОСТАНАЙДА БАС ҚОСАДЫ

11-12 сәуірде Қостанайда Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындарында дзюдо жүлделер үлестіріледі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аталған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 240 спортшы қатысады.

«Қостанай» спорттық ойын-сауықтыру кешенінде өтетін бәсекеде арулар 48, 52, 57, 63, 70, 78, +78 келіде белдессе, ерлер 60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келіде мықтыны анықтайды.

Жастар спорт ойындарының аясындағы дзюдо жарысын Kazakhstan Judo Team YouTube арнасы тікелей эфирде ұсынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес