12.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Виталий Щиголев Калгаридегі Әлем Кубогының 3-кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Бүгін Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының 3-кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңдегі 2-жүлдесіне ие болды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын 3-болып қиды. Қазақстандық спортшыгың нәтижесі: 7:55.850 секунд.
Бұл жарыста итальян Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл оның 2019 жылдан бергі Әлем Кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер атанды. Айта кетейік, 2-жарыс күні Надежда Морозова 1500 метрде күміс жүлде алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: