22.09.2022 | 10:58
Бөлісу:
Волейбол: Қазақстан Әлем чемпионатында рейтингтегі көшбасшы АҚШ-пен бір топқа түсті
23 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Нидерланд Корольдігі мен Польшада волейболдан әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Бәсекені FIVB (халықарылық волейбол федерациясы) мен Volley World 4 жылда бір рет ұйымдастырады. Биыл жоспарланған 100 ойынды Арнхем, Роттердам мен Апельдорн (Нидерланд), Гданьск, Лодзь бен Гливице (Польша) сынды 6 қала қабылдамақ.
Бұл чемпионатта ел намысын мына ойыншылар қорғайды: Мадина Бекет, Томирис Сағымбаева, Кристина Белова, Сабира Бекішева, Динара Қожанбердина, Найля Нигматулина, Елизавета Мейстер, Маргарита Бельченко, Екатерина Михайлова, Татьяна Никитина, Яна Петренко, Наталья Смирнова, Валерия Чумак, Анастасия Коломоец.
Бас бапкер: Дарко Добресков.
Қазақстан құрамасы С тобына АҚШ, Сербия, Германия, Болгария, Канадамен бірге түсті. Токио Олимпиадасының чемпионы АҚШ пен 2018 жылғы ӘЧ жеңімпазы Сербия құрамасы жалпы доданың фавориті саналады. Ал қазақстандық қыздар 2006 жылдан бастап ӘЧ-на тұрақты қатысып келе жатыр. Ең жақсы нәтижесі 2014 жылғы 15-орын.
Ұлттық құрама 24 қыркүйекте 1-ойында АҚШ-пен, сосын Германиямен (26 қыркүйек), Канадамен (29 қыркүйек), Сербиямен (30 қыркүйек), Болгариямен (1 қазан) ойнайды.
Чемпионат қалай өтеді?
Қазір 24 құрама 1-айналымда алты-алтыдан 4 топқа бөлінген. Олар бір рет бір-бірімен ойнайды. Жалпы 60 матч. Бұл кезеңдегі ойындардың бәрі Арнхем қаласындағы «Гельредом» стадионында өтеді.
Сосын әр топтағы 4 үздік құрама 2-айналымға өтеді. А және D тобындағы төрт команда Е тобына түсіп, Нидерландта ойнайды. Ал В мен С-дағы үздіктер F себетіне түсіп, Польшада шеберлік байқасады. Мұнда 1-айналымда ойнаған құрамалардың жолы қайта түйіспейді. Ол үшін алғашқы кезеңнен соң рейтинг түзіледі.
Нәтижесінде 2-айналымда әр топтан 4 ұжым шешуші сынға жолдама алады. Мұнда олар ширек финалдан бастап олимпиада жүйесімен кім мықтыны анықтайды.
Ұпай есептеу
Егер матчта 3-0; 3-1 есебімен жеңсе, 3 ұпай алады.
Егер матчта 3-2 есебімен жеңсе, 2 ұпай алады.
Егер матчта 2-3 есебімен ұтылса, 1 ұпай алады.
Егер матчта 0-3; 1-3 есебімен ұтылса, ұпай берілмейді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 4-ОРЫН АЛДЫ
«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
Challenge Cup: Қазақстан күміс жүлдеге ие болды