13.06.2022 | 19:12

Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатында 6-орын алды

Таиландтың Накхон Патом қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында волейболдан Азия чемпионаты аяқталды. Бүгін Қазақстан құрамасы 5-орын үшін болған матчта Қытайдың Тайбэйінен ұтылып қалды. Есеп: 3-0 (25-19, 25-13, 25-17). Айта кетейік, екі құрама 6 маусымда В тобының алғашқы турында ойнап, біздің қыздар 1:3 есебімен жол берген.

Әділет Тәкенов баптайтын аруларымыз В тобында Филиппин (3:0) мен Үндістаннан (3:1) келген құрбыларын ұтқанымен, Жапония мен Қытайға қауқар таныта алмады (0:3). Ал плей-оффта Ираннан басым түсіп (3:0) 5-орын үшін таласуға мүмкіндік алды.

Финалға шыққан Қытай мен Жапония, 3-орынды сарапқа салатын Оңтүстік Корея мен Таиланд құрамасы келесі жылы өтетін 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатына құрлық атынан қатысады.

Чемпионат нәтижесі:

7-орын – Иран

8-орын – Өзбекстан

9-орын – Филиппин

10-орын – Үндістан

Естеріңізге сала кетейік, биыл 14-рет ұйымдастырылған бәсекеге 11 құрама жиналды.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес