23.08.2023 | 17:55
Бөлісу:
Волейболшылар Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Иранның Урмия қаласында өтіп жатқан волейболдан ерлер арасындағы XXII Азия чемпионаты бел ортасына жетті, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Біздің волейболшылар Өзбекстаннан басым түсіп (3-1), бәсекедегі 13-орын үшін таласты жалғастырып жатыр. Айта кетейік, С тобына түскен біздің спортшылар Индонезия (1-3) мен Қытайға (2-3) жол беріп, плей-офф кезеңіне шыға алмаған.
Алдағы күндері А тобының көшбасшысы Иран Пәкістанмен, B тобының үздігі Жапония Бахрейнмен, С тобындағы көшбасшы Қытай құрамасы Үндістанмен, Қытайдың Тайпэйі (D тобы) Иракпен, Е тобының үздігі Қатар Таиландпен, F тобының жеңімпазы Оңтүстік Корея командасы Индонезиямен ойнап, бас жүлде жолында күш сынасады.
Ал қалған мемлекеттер 13 пен 18-орындар аралығын өзара бөліседі. Борис Гребенников баптайын біздің Ұлттық құраманың келесі қарсыласы енді анықталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 4-ОРЫН АЛДЫ
«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
Challenge Cup: Қазақстан күміс жүлдеге ие болды