13.08.2023 | 21:50

Волейболшылар ТМД елдерінің II ойындарында жүлделі орыннан көрінді

Бүгін Беларусь Республикасында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарында волейболдан Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасындағы бәсекеде 5 мемлекеттің құрамасы бақ сынады (Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан). Айналмалы жүйе нәтижесінде 2 матчта жеңіске жетіп, қалған 2 ойында қарсыласқа жол берген отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді. Біздің команда сапындағы үздік ойыншы атағына Карина Балмұхамбетова ие болды.

Шешуші ойында Ресей құрамасынан басым түскен жарыс қожайыны чемпион атанды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес