23.09.2024 | 15:28
Бөлісу:
WKF КАРАТЭ: ЖОЛАМАН БИҒАБЫЛ МЕН НҰРҚАНАТ ӘЖІҚАНОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XX Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биыл құрлықтағы 30 елден таңдаулы 300-ден астам татами шебері күш сынасты. Бұл қатарда ел намысын кумите бағдарламасында 19 отандасымыз қорғады.
Нәтижесінде 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медальге қол жеткізді. Финалда Жоламан Биғабыл (-55 кг) Омар Шакраны (Иордания), ал Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) болса Кувончбек Мухаммадиевті (Өзбекстан) ұтып, өз салмағында жеңімпаз атанды. Нұрқанат жартылай финалда әлем чемпионы Бахман Аскари Гончехті айқын басымдықпен ұтқан (7-1).
Ақтық сынға шыққан тағы бір отандасымыз Әсел Қанай (-61 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар кумитеден ерлер командасы 2-орын алды. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) қола медаль иегері атанды. Жарыс нәтижесі бойынша ерлер командасы әлем кубогына жолдама алды.
Қазақстан жалпы есепте Жапония мен Вьетнамнан кейінгі 3-орынға тұрақтады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықKAZAKHSTAN OPEN – 2024 ТУРНИРІНДЕ 800 СПОРТШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ