13.10.2024 | 23:14

КАРАТЭШІ ӘЛИХАН ҚАДЫРҒАЛИ ҚАЗАҚСТАНҒА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН ӘПЕРДІ

Бүгін Италияның Венеция-Езоло қаласында WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар (U21) арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бір апта бойы 200-ге жуық елден жиналған 2000-ға жуық спортшы ката және кумите бағдарламасында сынға түсті. Біздің Ұлттық құрама намысын 30 спортшы қорғап, 4 жүлде жеңіп алды.

Жарыс нәтижесі мынадай:

Алтын – Әлихан Қадырғали 16-17 жас -76 кг

Күміс – Гүлнұр Қойшыбай 16-17 жас -59 кг

Қола – Мирас Әбдіқадыр 16-17 жас -55 кг

Қола – Сұңқар Қанибек 14-15 жас +70 кг

Осылайша, Қазақстан жалпы есепте 11-орынға жайғасты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес