30.08.2023 | 11:20

WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирінде Ұлттық құрама 1-орын алды

Астана қаласында WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осымен елімізде 6-рет ұйымдастырылған татами бәсекесіне 6 мемлекеттен 10 жастан ересектерге дейін есептегенде 700-ге жуық спортшы жиналды. Бұл қатарда ката және кумите бағдарламасынан Олимпиада, Азия, Ислам Ынтымақтастығы ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем, Азия және Еуропа чемпионатының жүлдегерлері келіп, бақ сынады.

Жарыстың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 63 алтын, 59 күміс, 105 қола медальмен жалпы есепте бірінші орын алды.Одан кейін Ресей (4 алтын, 4 күміс, 16 қола) мен Қырғызстан (1 алтын, 4 күміс, 7 қола), Франция (1 алтын), Беларусь құрамасы (2 күміс, 2 қола) жайғасты.

Турнирдің ашылу рәсімі мен қызмет еткен бапкерлердің суретін мына жерден көре аласыздар.

Жарыстағы суреттерді мына жерден көре аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес